Қазақстандық теннисші ITF Juniors турнирінің абсолютті чемпионы атанды
Қарағанды теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды.
Қарағанды теннис мектебінің 15 жасар оқушысы Әмір Омарханов жеке және жұптық сында турнир жеңімпазы атанды. Жеке разрядтың финалында теннисшіміз әзірбайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Титулға жету жолында жерлесіміз бір де бір сетте жеңілген жоқ.
Жұптық кездесуде Әмір болгариялық Иван Найденовпен қазақстандық Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин жұбын 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша, Омарханов ITF Juniors турнирінде өзінің бесінші жүлдесін жеңіп алды, оның екеуі жекелей сында, делінген хабарламада.
Осы жетістігінің арқасында Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингте 298-орынға көтерілді.
Сурет: ktf.kz

