Get In Touch

Абай облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Абай облысының құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл лауазымға Шыңғыс Нұртасұлы Риаханов тағайындалды.

Шыңғыс Нұртасұлы Риаханов 1979 жылы 25 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Қолданбалы математика және информатика" мамандығы бойынша , Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру" мамандығы бойынша бітірді. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Мичиган университетінің магистранты, техникалық ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математикалық модельдеу және компьютерлік техника кафедрасының тағылымгер-оқытушысы болып бастады.

Түрлі жылдары ҚР Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агентігінің жетекші маманы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің референті, "Сарыарқа" ӘӘК" ҰК" АҚ бизнес–жобалар департаментінің директоры "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарушы директоры, "Салынып жатқан Назарбаев зияткерлік мектептері дирекциясы" ЖМ, директордың орынбасары, директоры лауазымдарында қызмет етті.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі