Get In Touch

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды



Грузия Тараз әкімінің бұрынғы орынбасарын Қазақстанға экстрадициялады.


Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.


Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.


"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді", — делінген хабарламада.



Қәзіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.


Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан видеодан скриншот