Get In Touch

"10 ірі қылмыскердің қара тізімінде болған": Орта Азиядағы қылмыс әлемінің серкесі қалай қаза тапты

"10 ірі қылмыскердің қара тізімінде болған": Орта Азиядағы қылмыс әлемінің серкесі қалай қаза тапты

Қырғызстан Республикасы МҰҚК Камчи Көлбаевтың (Қамшыбек Асанбек) қаза тапқанын растады.

Ведомства мәліметінше, бүгінде Қырғызстан аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күрес тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

4 қазан күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қамшыбек Асанбектің Бішкек қаласындағы Ибраимов көшесіндегі "Blonder pub" мейрамханасында отырғанын анықтаған. Оқиға орнында Қамшыбек Көлбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, қаруы қолдану арқылы қарсылық көрсеткен.

24.kg сайтының мәлімдеуінше, Қамшыбек Көлбаев МҰҚК қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргендіктен МҰҚК арнайы бөлімшесінің сарбаздары да қарсы оқ жаудырған. Атыс кезінде Қамшыбек Көлбаев пен оның оққағары оқ жарақатынан қаза тапқан. Жергілікті тұрғындар мен МҰҚК қызметкерлері арасынан зардап шеккендер жоқ.

Арнайы операция "кәсіпкерлердің мүлкін аса ірі мөлшерде заңсыз иемденген ұйымдасқан қылмыстық топтар мен олардың басшылары" фактісі бойынша жүргізілген.

Аталған фактілерге сәйкес, "ұйымдасқан қылмыстық топ құру", "Заңсыз қару айналымы", "кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі таңда шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айта кету керек, Қамшы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы ретінде Қырғызстан ІІМ есебінде тұр. 2012 жылы АҚШ оны бұрынғы КСРО елдерінен келген 10 ірі қылмыскердің қара тізіміне ең ірі наркобарондарының бірі ретінде енгізген.