Get In Touch

Қазақстанда ыстықтың беті қашан қайтады



Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.


Синоптиктер алдағы күндері елімізде Қара теңіз аймақтарынан циклон пайда болатынын мәлімдеді. Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады.


Сондай-ақ найзағай ойнап, бұршақ жаууы және екпінді жел тұруы мүмкін.


Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.


"Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін ауа температурасы 20+25-тен 25+33-ке дейін көтеріледі деп болжанды. Солтүстік-батыста +18+30-дан 25+33-ке дейін, орталықта 25+33-тен 32+39-ға дейін, оңтүстікте 25+35-тен 35+42-ге дейін, ал республиканың батысында температура +22+35, шығыста +27+ 35 болады" ."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі



Болжам бойынша, республиканың оңтүстік-шығысында температура фонында өзгеріс болмайды.


Сурет: pixabay