Get In Touch

"Ордаға барып хандарға тағзым етті": Путин қазіргі Ресей Орданың қарамағындағы елге ұқсайтынын айтты

"Ордаға барып хандарға тағзым етті": Путин қазіргі Ресей Орданың қарамағындағы елге ұқсайтынын айтты

Ресей князьдері Орда хандарына тағзым етіп, Батысқа қарсы тұру үшін князьдік жарлығын алғанын және дәл қазір Ресейде де солай болып жатыр, деді президент Владимир Путин Ресей Федерациясының қоғамдық палатасының мүшелерімен кездесуде.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ресейлік The Moscow Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мысал ретінде Путин Иван Грозный кезінде әулиелер қатарына енген Александр Невскийді атап өтті.

"Ол Ордаға барды, Орда хандарына тағзым етті, Батыстың шапқыншылығына тиімді қарсы тұру үшін, ең алдымен, князьдікке белгі алды. Неліктен? Себебі ордандықтар дөрекі, қатыгездікпен әрекет етті, бірақ олар ең бастысы — біздің тілімізге, дәстүрімізге, мәдениетімізге әсер етпеді", — деді Путин.

Ол Невскийдің осы таңдауы үшін және әулие ретінде құрметтелетінін айтты.

"Дәл осындай жағдай бүгінде де болып жатыр", — деп жалғастырды Ресей президенті.

"Біз өз құндылықтарымызды моральдық-адамгершілік, өз тарихымызды, мәдениетімізді, тілімізді, соның ішінде Донбасс пен Новороссиядағы бауырларымыз бен әпкелерімізге осыны жасауға көмектесу арқылы қорғайтынымыз туралы айтып отырмыз. Бұл бүгін болып жатқан оқиғалардың кілті", — деді Путин.

Путин жақында Ресейде халық бірлігі күні — 2005 жылы кеңестік революция күнін ауыстыру үшін құрылған және 1612 жылы Мәскеуді поляк интервенцияларынан босатуға ресми түрде орайластырылған мереке тойланатынын еске салды.