Get In Touch

"Танысып, кешірім сұрау керек..."Толқын Забирова мүлдем көрмеген әкесі туралы айтып, жылап қалды

"Танысып, кешірім сұрау керек..."Толқын Забирова мүлдем көрмеген әкесі туралы айтып, жылап қалды

Толқын Забирова әкесі туралы ел білмейтін құпиямен бөлісті.

Әнші бұл туралы "Алғашқы" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мен әкемді өмірімде көргем жоқ. Баланың есінде ондай нәрселер қала ма, жоқ па? Кішкентай дастархан, бір еркекті көрем, бірақ кім екенін білмеймін. Мүмкін, ол менің әкем де шығар. Көз алдымда ешқандай бейнесі жоқ. Кешке жатып, аналарымызды, әжелерімізді, туған-туыстарымызды сағынып, жылап жатып есімізге алып сөйлесеміз. Менің әкем күшті, менің әкем осындай велосипед сатып алып берді, деп айтқан кезде мен жылап жатамын. Ал, менің әкем жоқ. Әрине, толық отбасында өсу — арман ғой, күшті ғой. Әкең барда, шешең барда. Мен өзімді әкесіз өстім, бір нәрсе маған жетпеді, біреуден кеммін деп мен еш уақытта айта алмаймын. Өйткені менің аналарым болды, әжем болды. Менің әкем қайда деп мамамнан сұрағанымда қайтыс болды деп айтқан мамам. Сөйтсем, ол кісі әлі тіір екен. Өзім негізінде іздеп, алдынан өтіп, танысып, мүмкін кешірім сұраймын ба деген ниетім болған. Білмеймін, мүмкін кешірім сұрау керек. Мен өзімнің атамның тегін алдым, Қалиқызы деген. Ол — менің нағашы апамның жолдасы. Әкемнің тегін білмеймін. Сондықтан, атамның атамның тегін алдым. Біз бәріміз пендеміз. Әр адамның өзінің тағдыры болады. Оған тек ғана рақмет айтамын. Мамамның және сол адамның арқасында мен дүниеге келдім", — дейді ол.