Get In Touch

Қазақстандағы арнайы ХҚКО-лар ақауға байланысты жұмысын тоқтатты



Қазіргі уақытта техникалық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәліметінше, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті (ӘПК) жағында техникалық ақау пайда болған.


"Сіздің назарыңызға ІІМ ӘПК тарапындағы техникалық ақауларға байланысты еліміздің барлық арнайы ХҚКО-сында мемлекеттік қызметтер көрсету тоқтатылғанын жеткіземіз. Мамандар оларды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", — деді корпорацияның баспасөз қызметі өкілдері.



Сурет: Tengrinews.kz