Get In Touch

Семейде мектеп бітірушілер жол ережелерін өрескел бұзды



Оларға екі әкімшілік хаттама жасалды.


"TOYOTA" көлік құралының 19 жастағы жүргізушісіне қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды:


- ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін.


- ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамды басқарғаны үшін (оқу сапарынан басқа), сол сияқты көлік құралын тиісті көлік санатын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің басқарғаны үшін.


"Бұдан басқа, "TOYOTA" көлік құралының 20 және 19 жастағы жолаушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, яғни жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы бойынша", делінген баспасөз хабарламасында.



Сурет: ПД баспасөз қызметі