Get In Touch

Air Astana әуекомпаниядан жалған жұмыс ұсынатын алаяқтар көбейгенін ескертті



Air Astana қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.


"Делдалдар көмегімен Air Astana әуекомпаниясына жұмысқа кепілді орналасу туралы жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеміз. Мұндай хабарландырулар мен қызметтер заңсыз", – делінген әуекомпанияның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.



Air Astana жұмысқа орналасудың көп сатылы процесінде "транспаренттік пен адалдық қағидаларын ұстанатынын" нақтылады.


"Қазіргі кезде ұсынылып жатқан жұмыс орындары www.job.airastana.com сайтында жарияланып, тек осы ресми сайт арқылы жіберілген түйіндемелер қарастырылады. Алаяқтардың тұзағына түсіп, алданып қалмаңыз", деді Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі.



3 тамыз күні FlyArystan халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болатынын хабарлады.


Сурет: unsplash