Get In Touch

Абай облысының полицейлері Абайдың өлеңдерін оқып жарысуда

Полиция қызметкерлері түрлі шығармашылық шара өткізіп, өздерін жаңа қырынан көрсетті.

Бұл күні полиция қызметкерлері Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетіп, ұлы ақынның өлен шұмақтарын орыдады.

Челленджге барлық аудандардың қызметкерлері де қатысты. Көкпекті АПБ жеке құрамы аудан орталығында орналасқан "Абай әлемі" рухани жаңғыру жобалық штабына барып, полиция қызметкерлерінің ой-өрісін кеңейтіп, олардың санасына адамгершілік, еңбек, патриоттық, рухани-эстетикалық дағдыларды қаптастыруына ықпал жасау мақсатында, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың шығармашылығы мен өмірілік жолымен танысып, тарихына көз жүгіртті.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі