Get In Touch

Абай облысында 5-6 сыныптар арасындағы ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі басталды

Абай облысында 5-6 сыныптар арасындағы ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі басталды

Ұлттық мектеп лигасы аясында оқушылар 9 спорт түрінен бақ сынасады.

Ұлттық мектеп лигасы 9 спорт түрінен өтеді: баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, гандбол, шахмат, асық ату-бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі

Волейбол жарысы 3 маусым күні басталып, 9 маусымға дейін жалғасады. Ал бүгін ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан жарыс босталды. Жиыны 19 облыстан 5-6 сынып оқушыларынан 1000 — нан аса қатысушы жиналды.

«Дарын» РҒПО-ның жетекші сарапшысы Жұлдыз Қабдылрахметовна ұлттық мектеп лигасының ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі

Лига қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, медаль, кубокпен марапатталады.

Айта кетейік, ұлттық лига бір ай өтеді. Ресми жабылуы маусым айының аяғына жоспарланған. Ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК.

Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі