Get In Touch

Израильдегі елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

Израильдегі елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады

Үндеу Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты болды.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тель-Авивтегі Қазақстанның елшілігі Израильдегі барлық қазақстандықтарға күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы және сақ болуға, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруға , сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуға кеңес береді.

Ресми мәлімет бойынша, Израильде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі ашылған.

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:

  • +972 (3) 503 78 85 (кезекші)
  • +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
  • +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
  • +7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Сурет: ашық дереккөздерден