Get In Touch

Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға, емделуге жұмсағаны белгілі болды

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.

"1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды... Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып белгіленді. Осыған байланысты қосымша шығындар. 800 млрд теңгеден астам соманы құрайды", деді Әлихан Смайылов.

Ол биылғы жылы азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқару құқығы берілгенін атап өтті.

"Салымшылар өз бетінше таңдаған жеке басқарушы компанияларға жинақталған зейнетақы қаражатының 50 пайызын аудара алады", деп қосты Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, Премьер-Министр атап өткендей, биылғы жылдың басында Үкімет цифрлық отбасы картасын енгізді.

"500 мыңнан астам қазақстандық проактивті әлеуметтік қолдауға ие болды", деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сурет: Zakon.kz