Get In Touch

Шетелдік компанияларға $5 млрд зейнетақы активі басқаруға берілді


$5 млрд-дан астам зейнетақы ақшасы шетелдік басқаруға берілді, деп хабарлайды LS.

LS-ке Ұлттық банкте түсіндіргендей, 10 шетелдік компанияға $5,18 млрд сомасына зейнетақы жинақтарын сеніп тапсырды. Бұл БЖЗҚ активтерінің жалпы көлемінің 14,1% -ын ғана құрайды. Бұл қаражат оларға кезең-кезеңімен берілді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында АҚШ-тың PIMCO инвестициялық компаниясына $230 млн зейнетақы қаражаты сеніп тапсырылды.

Өткен жылы Ұлттық банк "Дамушы нарықтардың жаһандық облигациялары" мандаты бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау бойынша тендер өткізді. Нәтижесінде PIMCO және TCW сияқты шетелдік компаниялар, ал резервтік менеджер ретінде JP Morgan мақұлданды.

"Қазіргі уақытта осы қаржы ұйымдарымен БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару туралы келісімдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде", — деп атап өтті Бас банкте.